00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Маңғыстау облыстық театры елордалық көрерменге «Құбылу» спектаклін ұсынды

07.11.2023 | 14:00
50
Фото: mangystaumedia.kz

Елордада 7-9 қараша күндері Маңғыстау облысының «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты мәдени күндері аясында  Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ұжымы  екі спектакль қояды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрында Ермек Аманшаевтың«Құбылу» спектаклі сахналанды. Франц Кафканың күрделі әрі шиеленісті әңгімесінің желісі бойынша Ермек Аманшаев жасаған инсценировка өте қызықты басталады.

Сахнада бір күні таңертең мазасыз ұйқыдан оянған Грегор Замза өз төсегінде қорқынышты жәндікке айналғанын көрсетеді. Бір қызығы кейіпкердің «құбылу» себептері ашылмайды. Сол арқылы  адам тіршілігін, әлеуметтік мақсат-мүдделері  мен арман-қиялдарын арқау етеді.

Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының директоры Гульсина Миргалиеваның сөзінше, сахнадан трансформацияға ұшыраған адамды көруге болады. 

Бұл спектакль – ойын, зерттеу, эксперимент. Қойылым Грегор Замза есімді жігіттің метаморфозының себебін іздеуге бағытталған. Оның трансформацияға ұшырауына кім кінәлі? Мұндай құбылу кім үшін? Басты кейіпкер үшін немесе оның отбасы үшін бе? Неліктен Грегор Замза өлімге душар болды? Біздің кез-келгеніміз бір күні оянып, жәндікке айналып кетуіміз мүмкін бе? Бірі Франц Кафканың «Құбылу» повестін бұрын оқыса, енді бірі спектакльді көре отырып ой түйеді. Классикалық қойылымнан соң өз ойларын ортаға салған көрерменнің ұшқыр ойы, талқылау деңгейі бізді таңдандырды. Қойылымды түсіне алу, жетесіне жете алуы, кейіпкерді түсініп, ой түйе алу өте маңызды. Оқиға желісі біздің қоғамымыздағы дерттің бірі деп айтуға болады,- дейді Гульсина Миргалиева.

Айта кетейік, маңғыстаулық театр өнерпаздары ертең М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің желісі бойынша драмалық қойылым ұсынады.

Барлық жаңалықтар