00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі

28.05.2023 | 18:00
51
Фото: primeminister.kz

Отандық бағдарламада Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты. Мәдениет саласындағы өзгерістер туралы министр «Хабар 24» телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info

Өзіміздің министрлікке қарасты 20 мың қызметкер бар. Солардың жалақысы биылдан бастап 23 пайызға өсті. Ел көлемінде, ауданға дейін жалақы өсті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасы бар. Енді осы 3-4 жылдың ішінде жалпы мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі, - деді министр. 

Сонымен қатар министр отандық бағдарлама барысында 2029 жылға дейін кинотеатрларда көрсетілетін отандық фильмнің үлесі 35 пайызға жететінін атап өтті. 

Қазір отандық фильм үлесі 10-12 пайыз. Қалғаны шетелдің киносы. Тағы бір жаңалық - жылына әлемдік деңгейдегі 15 фильмді қазақ тіліне аудару көзделіп отыр,- деді Асхат Оралов. 

Бұдан бөлек Асхат Оралов мәдениет саласындағы жұмыс тұжырымдамасы өзгеретінін айтты. Сондай-ақ министр Париждегі Лувр музейінде 2026 жылы қазақ мәдениетінің тарихы жайында көрме ұйымдастыру жоспарланғанын жеткізді.

Барлық жаңалықтар