00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мәдени демалыс: Астанада алдағы аптада қандай іс-шаралар өтеді?

15.10.2023 | 05:30
60
Фото: Оңалхан Өнерхан

Алдағы апта елордада түрлі мәдени іс-шаралар, оның ішінде концерттер, көрмелер, түрлі жанрлық қойылымдар өтеді, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

16 қазан күні «Жастар» сарайында сағат 19.00-де DS CREW алғашқы жеке концерті өтеді.

Сонымен қатар, «QAZAQSTAN» ОКЗ-да симфониялық оркестр мен Ne prosto orchestra хорының орындауындағы «Сүлеймен сұлтан» Soundtrack концерті өтеді.

17 қазан күні сағат 10.00-де Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығында «Қасиетті карта. Елорда ескерткіштері мен нысандарындағы Астана тарихы» лекциясы өтеді.

«Жастар» театрында сағат 18.30-да көрермендерге Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының «Ұлтқа қызмет» спектаклі көрсетіледі.

«Астана Опера» театрында сағат 19.00-де «Музыка ангелов» концерті өтеді.

Сондай-ақ «Жастар» сарайында Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің «Сарайшықтан сәлем саз» концерті өтеді.

18 қазан сағат 11.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!» әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтеді.

Сағат 18.30-да «Жастар» театрында Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының «Қош, махаббат» спектаклі өтеді.

Сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Төлеген Мұхамеджановтың Рухани келісім күніне арналған концерті өтеді.

Дәл осы уақытта «Астана Опера» театрында «Богема» спектаклі көрсетіледі.

Сағат 19.00-де «Жастар» сарайының сахнасында халық аспаптары оркестрі мен «Сармат» этнофольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

19 қазанда ЕХРО-да халықаралық аграрлық көрмелер басталады.

Сағат 18:30-да «Жастар» сарайында бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмдерінің саундтректері қойылады.

Сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы театрда «Ғажапқа толы әуен» халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді.

20 қазан күні сағат 10.00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» көрмесі басталады.

Сағат 14.00, 16.00-де Қуыршақтар театрында «Отбасылық альбом» спектаклі өтеді.

Сағат 19.00-де «Астана Опера» театрында «Шелковая лестница» опера-фарсы өтеді.

Дәл осы уақытта Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алиса ғажайыптар елінде» цирк, театр шоуы өтеді.

21 қазанда «Жастар» сарайында бүлдіршіндерге арнап «Синий трактор» музыкалық спектаклі қойылады. Өтетін уақыты: 11:00, 14:00, 17.00.

Сағат 12.00 және 16.00-де Қуыршақтар театрында «Отбасылық альбом» спектаклі көрсетіледі.

Сағат 18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында «Боранды бекет» спектаклі өтеді.

22 қазан күні сағат 13:00, 15:00 және 17:00-де «Қазмедиа Холл» сахнасында «Алиса на каникулах» балалар театрландырылған шоуы өтеді.

Сағат 19.00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Құдайберген Бекіштің концерті өтеді.

Барлық жаңалықтар