00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Әйгілі Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенді бірге ән шырқауға шақырды

10.12.2023 | 04:30
51
Фото: скриншот/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген әйгілі Пласидо Домингомен кездескен сәтінен видео жариялады. Видеода Доминго отандасымыздың шығармашылығымен қалай танысқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info

Бұл кездесу еуропалық "Виртуоздар" байқауында болған, байқауда Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго қазылық етеді. 

1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. 

Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты "Виртуоздар" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым. 

Бұл - жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктердің бірі. Барлық қатысушыларға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін. @Placido_domingo шақырғаныңыз үшін алғысым шексіз!" - деп жазды әнші. 

Жарияланған видеода Доминго отандасымыздың шығармашылығымен қалай танысқанын айтқан. 

Ол барабаншы (өз ұлын айтады - авт. ескертпесі). Сізді YouTube-тен көріп қалыпты. Қалайша бұлай айтуға болады деп таңғалған. Сіз алтыншы октавамен айтатыныңызды айтты. Ең таңғаларлығы, бәрі біркелкі", - дейді Доминго. 

Опералық әнші осыдан кейін дуэт болып ән шырқауға шақырған. 

20 жасымда нағыз дауысыммен айта алар едім. Енді тенор дауысқа тесситурам жетпейді. Сізге бұл жас келе проблема бола қоймайды деп ойлаймын. Тамаша дуэт жазамыз. Ыңғайлы болса, ертең репетиция өткізейік, - дейді видеода Доминго. 

Айта кетейік, Пласидо Доминго испан опера әншісі, 82 жаста. Ол сахнадан түспей өнер көрсетіп келе жатқанына жарты ғасырдан аса уақыт өткен. 

Барлық жаңалықтар