00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Гауһартас» қойылымы 1 жылда рекордтық көрсеткіш жасады

16.02.2024 | 12:39
61
Фото: театрдың баспасөз қызметінен

Астанадағы музыкалық жас көрермен театрында «Гауһартас» қойылымы 1 жылда 165 рет сахналанды, деп хабарлады Elorda.info.

16-02-1.jpg

Спектакль өз көреремендерін жетпісінші жылдарға жетелейді. Тамашалаушылар  қой баққан шопандардың күнделікті күйбең-тіршілігіне куә болады. Оқиға отбасының кіші баласы Қайыркеннің баяндауы арқылы өрбиді. Бастысы ол жақсы күндерден үміт үзбейді. Бұл жанұяның өміріне жас келін Салтанат қуаныш әкеледі. Алайда оның қадірін қатал күйеуі Тастан өте кеш түсінеді. 

16-02-3.jpg

Қойылымда Салтанаттың рөлін актриса Инабат Ризабекова сомдайды. Ол қазақ келінінің бойындағы бар жақсы қасиетті көрсете алған.   Сонымен қатар ол  жанды дауыста  «Гауһартасты» шырқап,  залға жиналғандардың жүрегіне жеткізе білді.

Менің кейіпкерім Салтанат  – өмірге ғашық әрі жүрегі нәзік жан. Ол қазақ келінінің жақсы образын көрерменге көрсетеді. Мұнда келген әр адам өзінің қызын, келінін көруі мүмкін. Сондай-ақ олар қойылымнан болашақ жарының не келінінің Салтанаттай болуын тілеп қайтады, - дейді Инабат Ризабекова.

Театр актрисасы Инабат Ризабекова осы қойылымдағы «Салтанат» рөлі үшін «Сыншылар жүлдесі- 2023» марапаттау кешінде «Жыл актрисасы-2023» номинациясына ие болды. 

16-02-4.jpg

Ал Тастанның рөлін  осы театрдың актері Оразалы Игілік сомдайды. Оның айтуынша, бұл драмалық қойылым емес. Мұнда ән де, би де бар. Бастысы халықты жалықтырмайды. 

Тастан – қатал, қатыгез адам. Ол  әйел жанын түсіне бермейді.  Тіпті әйелге жақсы көрем деп айтуды да білмейді. Кейіпкерім – қатып қалған қағидамен өмір сүретін ауылдағы мықты шопан. Мал шаруашылығымен айналысады.  Көрермен қойылымнан соң жылы лебізін білдіріп жатты. Көрермендер арасында қойылым барысында эмоциясын сыртқа шығарып алғандары да бар. Мәселен, бір кісі менің кейіпкерімнің сахнасында «Сволочь» деп айқайлап қалды. Бұл актердің аз да болсын миссиясының орындалғаны, - деді Оразалы Амандықұлы. 

Оның айтуынша, бұл рөл оған өмірдегі басты дүниелерді түсінуге ой салған. 

Рөл –әйел затын бағалауды, қыз балаға мейіріммен қарауды түсіндірді. Қолда бар заттың қадірін бағалап, жақсы сөз айтып, мейірім төгуді аямау керектігін үйретті, - деді актер.

«Гауһартас» музыкалық драмасы жақында «UMAI-2023» ұлттық жүлдесінің «Театр өнері» номинациясы бойынша: «Үздік спектакль» номинациясын иеленді. 

Барлық жаңалықтар