00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалықтар Джузеппе Вердидің «Травиата» операсын тамашалады

28.05.2023 | 16:00
35
Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольмен келді, деп хабарлады Elorda.info.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, шығармашылық ұжым елордалық көрерменге Джузеппе Вердидің «Травиата» операсын ұсынған.

Мұндай іс-шаралар көрермендер үшін ғана қызықты емес. Артистердің өздері де жаңа аудитория алдында өнер көрсетіп, бірегей тәжірибе алатынына сенімдімін. Мәдениет - ортақ игілігіміз, сондықтан мүмкіндігінше барлық адам Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдармен танысуға мүмкіндік алуы тиіс. Министрлік осындай гастрольдік турларды ұйымдастыруды жалғастырады. Гастрольдік сапарлар Астана мен Алматыда ғана емес, өңірлерде де жалғасын табады, — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

28 мамырда алматыдық театр бір актілі екі балетті сахналайды. Бұл Жорж Бизе мен Родион Щедриннің «Кармен-Сюитасы», сондай-ақ Николай Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған «Шехеразада» балеті.

Осы уақытта «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы Алматыда бірқатар қойылымды аяқтады. Елордалық театр көрермендердің назарына Арам Хачатурянның «Спартак» балеті мен Вольфганг Амадей Моцарттың музыкасына жазылған «Кішкентай өлім» және «Алты би» бір актілі туындыларын ұсынды.

Барлық жаңалықтар