00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада жасөспірімдерге арналған жаңа сериал түсірілді

21.07.2023 | 07:00
40
Фото: дереккөз

Елордада жақында түсірілімі аяқталған «15-шки» сериалының бірінші сериясының көрсетілімі өтті. деп хабарлады Elorda.info.

Фильм режиссері Анна Станкевичтің айтуынша, бұл әлеуметтік жоба жасөспірімдерге өтпелі кезеңдегі қиындықтарды жеңуге көмектесуге бағытталған.

 

 Сериалдың оқиғасы негізінен №15 элиталық мектепте өтеді. Бұл  білім ошағында Қазақстанға жұмыс бабымен қоныс аударған шетелдіктермен   елдегі жоғары лауазым иелерінің  балалары оқиды.

сериал 0.webp

Негізгі оқиғалар әрқайсысы кәсіби түрде вокалмен айналысатын төрт дос қыздың айналасында өрбиді. Қыздар музыкалық топ құру идеясын ойлап, оны «15 жас» деп атайды.

Дегенмен, олар оқитын әйгілі  №15 мектепте барлық оқу орындарындағы сияқты дарынды, тәрбиелі балалар ғана емес, бұзықтығымен көзге түскен тіпті қатыгез балалар да білім алуда. Көшбасшылыққа мектептің «жұлдыздары» арасындағы бәсекелестік өте жоғары. Осыған орай, сатқындық, қызғаныш пен көз жасы сериал бойы басты кейіпкерлерді жетелеп отырады.

сериал 1.jpg

Кейде әдемі суреттің артында өиындыө та жасырылады. Бізде көп жағдайда тек әлеуметтік  аз қамтылған отбасы балалары ғана зардап шегеді деген жалған түсінік бар. Тіпті балалырн еркше ерклететін  бай ата-аналар да баласын  саналы  түрде басып, оның психологиялық қажеттіліктерін елемейді. Туынды сыртқы үйлесімділіктің артындағы шынайы жағдайды көруді үйренуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, біздің актерлер фильм арқылы жасөспірім ұрпақтың негізгі мәселелерін ғана емес, оны шешу жолдарын да көрсетеді, - дейді туынды режиссер.

Ол бұл сериал ата-аналар үшін де қызықты және пайдалы болатынын айтты. Өйткені олар көбінесе балаларының өмірі туралы өте аз біледі.

сериал2.jpg

Фильм өте жақсы түсірілген. Тіпті экран арқылы жағдайдың қалай қызып жатқанын сезе аласыз. Біз, ата-аналар ретінде, балаларымызды не мазалайтынын білуге ​​өте мүдделіміз, - деді өз әсерімен бөліскен көрермендердің бірі.  

 Сериалды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «q-arts production» продюсерлік орталығы түсірген. Орталық жобаның тағы екі маусымын  шығарып,   халықаралық платформаларға  насихаттауды жоспарлап отыр.  

                                                                                                                               Дана Амангельды   

Барлық жаңалықтар