00:00
Астана -10oC
USD:
451.38
EUR:
487.22
RUB:
5.14
Іздеу

Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді

04.06.2024 | 21:01
Торғын Аман
149
Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді
Фото: www.gov.kz

Астанада «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаевқа арналып түсірілген. Бұл туралы Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Фильмде қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақын өмірінің соңғы 9 жылы көрініс тапқан.

Фильмде Жамбылдың өміріне әсер еткен оқиғалар баяндалады. Атап айтқанда, ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газеттер мен журналдарда жариялана бастауы, Ораз Жандосовпен, Сәкен Сейфуллинмен және тағы басқа қазақтың атақты қоғам қайраткерлерімен кездесуі көретілген.

Фильм режиссерінің айтуынша, фильм Мәскеу мұрағатындағы тарихи деректерге негізделген. Әсіресе, фильмде ақынмен бірге жұмыс істеген Йосиф Гильманның немересі сақтаған мәліметтер пайдаланылған.

«Жамбылдың есімі көптеген аңызға толы, мен ұлы ақынның шынайы бейнесін жасауды қатты армандадым, сол дәуірге қанық болу, нақты деректерді жинау үшін сол кездегі замандастар жазған құжаттар мен кітаптарды зерттедім. Сондай-ақ, мен деректі фильм түсірген жоқпын және тек тарихи шындықты ғана емес, көркем шындықты да сақтап қалдым», - деді Жандос Құсайынов.

Фильмде басты рөлді Қазақстанның халық әртісі Досжан Жанботаев сомдады. Сондай-ақ, актерлер құрамында Алмас Шаяхметов, Анна Старченко, Асан Мәжит, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Филипп Волошин, Асылбек Айтиш және т.б. бар.

Айта кету керек, «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи картинасы 2021 жылы ақынның 175 жылдығы мерейтойы тұсында түсіріле бастады. Туынды 6 маусым күні ел кинотеатрларына жол тартпақ.

Барлық жаңалықтар