00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы театр 5 жылдық мерейтойын атап өтті

02.11.2023 | 03:30
61
фото: дереккөзден

Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры өзінің  V жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өткізді, деп хабарлады Elorda.info

  Мерейтойлық шара алдында БАҚ өкілдеріне арнап,  «Мәмбетов мұрасы» баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз жиынында театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Аманғалиұлы өнер ордасының өткен бес жыл мерзімде жеткен жетістіктері мен алдағы жоспары туралы кеңінен айтып өтті.  

Көркемдік жетекшінің айтуынша, бұл күнде өнер ұжымының репертуарында 22 қойылым бар. Бүгінгі таңда театр ұжымы Сәкен Жүнісовтың аталмыш романының желісімен дайындалған  «Ақан сері»  спектаклінің премьерасына дайындық үстінде екен. 5 жыл бұрын 20 әртіспен басталған өнер ұжымында бұл күнде 40-тан  аса өнер иесі қызмет етеді. 

 Артынан театр актерлерінің фото галереясының ашылу салтанаты болды. Галереяның лентасын Әзірбайжан Мәмбетовтің жары –  Қорлан Ихсанқызы салтанатты түрде  кесті. 

турс 1.jpg

Өнер ордасының мерейтойлық кеші театр қызметкердерінің қатысуымен «Бізге 5 жыл» спектакль-концертіне ұласты.

 Концерт алдында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен театрды 5 жылдық мерейтойымен құттықтап, сөз сөйледі. 

 Осыдан 5 жыл бұрын елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай бүгінгі осынау керемет өнер ордасы көрермендеріне есігін айқара ашқан болатын. Бүгін міне, астанамыздың 25 жылдық мерейтойымен қатар театрдың да 5 жылдығын атап өтіп отырмыз. Әрине уақыт өлшемімен қарасақ, 5 жыл деген қас-қағым сәт. Бірақ театр ұжымының осы аз уақыт ішінде жеткен жетістіктері орасан зор. Бұл күнде өнер ұжымы көптеген республикалық,  халықаралық фестивальдерде жүлделі орындардан көрініп, тек Астана қаласының емес еліміздің театр өнерін әлемге танытып жүр. Сөзімнің дәлелі ретінде театр репертуарындағы  «Боранды бекет» қойылымы еліміздегі 400 премьераның ішінен үздік төрттікке кіруімен өткен жылғы «Ұмай» арнайы жүлдесін иеленгенін айта кетсек болады. Алғашында NOMAD деген атаумен ашылған өнер ұжымында, Әзірбайжан Мәмбетов есімін иеленгелі бері жақсы серпіліс болды деп ойлаймын.  Себебі , Әзекеңнің  театр әлемінде қалдырған ізі мәңгілік, яғни бұл өнер ордасының да жолы мәңгілік болатынына сенемін.  Мерейтой құтты болсын ағайын!, - деді елорда әкімінің орынбасары Е. Байкен. 

Одан кейін Астана қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов құттықтау сөз сөйлеп,  қалалық мәслихаттың төрағасы, Ерлан Каналимовтың құттықтау хатын табыстады. 

Сонымен қата,р шара барысында мерейтойға орай театрдың бір топ қызметкерлері халықаралық «Түрксой» ұйымының «Түркі дүниесінің мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды. Арнайы марапатты ұйым бас хатшысының кеңесшісі Шавхат Исмайлов табыстап, театр ұжымының  алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Барлық жаңалықтар