00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада ШҚО өнерпаздарының концерті өтеді

16.01.2024 | 12:21
48
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің бас дирижеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері А.Галсановтың жетекшілігімен «Классикалық музыка кеші» атты концерті өтеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Концерттік бағдарламада қазақстандық және шетелдік белгілі композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалады.

Сонымен қатар бұл іс-шарада «Ертіс концерт» КМҚК халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары Ботагөз Жұмабекова, Жанат Бисимбаев, Арника Байбусынова, Абай Каиырбек, Дарын Бисаринов, Мәдениет саласының үздігі Айжан Мазкенова, ҚР Мәдениет қайраткері Альмира Нургожина, ҚР еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач өнер көрсетеді, - делінген хабарламада. 

Концерт 21 қаңтар күні сағат 16:00-де Астана қаласы Ұлы дала 43 мекенжайында орналасқан «Astana Ballet» театрында өтеді.

Кіру тегін.

Барлық жаңалықтар