00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Kóshpendiler áýeni» халықаралық этникалық музыка фестивалі басталды

12.12.2023 | 11:00
80
Фото: Оңалхан Өнерхан

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Kóshpendiler áýeni» халықаралық этникалық музыка фестивалінде Қырғыз Республикасы, Түркия, Өзбекстан (Қарақалпақстан), Саха Республикасы (Якутия) және Қазақстанның әртістері, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері өнер көрсететіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өткеннің бейнесін жаңғыртатын даланың фольклорлық әуендерін тыңдап, көшпенді халықтардың рухани мұрасымен жақынырақ танысады.

Фестивальдің бірінші күні танымал қырғыз әншісі, дастаншы, композитор, қомузшы, Қырғыз Республикасының халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Аманова және Түркия Республикасының жұлдыздары – әнші Фериаль Башель мен кәсіби музыкалық мансабын баглама халық аспабында орындаушысы Альпер Кырач өнер көрсетті.

Фестивальдің екінші күні Өзбекстаннан келген «Мухаллес» дутарлық ансамблінің музыканты Гүлнар Алламбергенованың, Саха Республикасынан келген - виртуоз хомусшы, якут халық әндерін орындаушысы Айсен Деллоховтың, сондай-ақ Түркиядан келген – түркі әлемінде қазақтың ұлттық аспабы домбырамен өнер көрсетіп танымал болған ноғай халық жырауы, домбырашы әрі ақын Арсланбек Сұлтанбековтің қатысуларымен концерт өтуде.

Үшінші күні, ертең дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, алқалы әлеуметке боямасыз насихаттап, алты құрлыққа паш етіп жүрген белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ұстаз, әнші-жыршы, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Елмұра Жаңабергеннің сахнадағы 35 жылдық мерейтойына орай «Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс» атты шығармашылық кеші өтеді.

Сонымен қатар, концертке жыршы, әнші, күйші, этномузыкатанушы, фольклорист Берік Жүсіпов, Салтанат Ерсұлтан, Асқар Мұқият, «HasSak» этно-фольклорлық тобы, ҚР МКҚ Президент оркестрі, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және Елмұра Жаңабергеннің шәкірттері Н.Ерталап, Н.Октябрь, А.Манас қатысады.

Барлық жаңалықтар