00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада ақын Қуаныш Мақсұтовтың 60 жылдық мерейтойы аталып өтті

21.12.2023 | 10:30
63
Фото: дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында белгілі ақын, бард, «Қазақтың Сары Тентегі» атанып кеткен Қуаныш Мақсұтовтың «Мәңгілік мұңның әуені» атты поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлады, Elorda.info 

Халық арасында “Сары тентек” атанып, ел ықыласына бөленіп кеткен  Қуаныш Мақсұтовтың биыл мерейлі 60 жас мерейтойына орай өткен әдеби-сазды кеш Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. 

Шараға елорда әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен астаналық өнер сүйер қауым қатысты. 

байкен.jpg

Қойылым алдында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары кеш иесін мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Біз Қуаныш ағамызбен бүгінгі кешті өткізуді екі ай бұрын ақылдасып едік. Сол кезде осындай бір жаңаша дүние шығаруды ойластырдық Әрине автордың бүкіл шығармасын бір ғана сахналық қойылымға сыйдыру мүмкін емес. Дегенмен, бүгін театр әртістерінің арқасында өздеріңіздің сүйікті ақын, бард, Қуаныш ағамыздың 60 жылдық мерейтойына арналған осынау керемет қойылымның куәгері болып отырмыз. Баршаңызға керемет көңіл-күй, ағамызға шығармашылық табыс тілеймін, - деді Астана әкімінің орынбасары Есет Бәйкен.

куаныш гл.jpg

«Мәңгілік мұңның әуені» поэтикалық-музыкалық қойылымында  мерейтой иесінің бірқатар шығармаларын Музыкалық жас көрермен театры артистері орындап шықты. Аталған поэтикалық-музыкалық қойылымы көрерменге поэзия мен музыка әлеміне саяхаттауға мүмкіндік берді. 

Поэтикалық-музыкалық қойылымның қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Асхат Маемиров. 

Кеш соңында сөз алған мерейтой иесі аталған кешті осындай жоғары дәрежеде өткізуге мұрындық болған Астна қаласы әкмдігі мен қалалық міәдениет басқармасына, сондай-ақ Музыкалық жас көрермен театрының ұжымына өзінің ришалығын білдірді. 

Барлық жаңалықтар