00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде Абай есімді қанша адам тұрады?

10.08.2023 | 06:14
32
Фото: ашық дереккөз

Абай күніне орай Ұлттық статистика бюросы ұлы ойшылдың есімімен аттас қазақстандықтар туралы статистиканы ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2 050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1 930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. 

Ал ақынның туған өлкесінде 238 Абай тұрады.

Жас құрамын айтсақ, 17 жасқа дейінгі Абай есімді 4 297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығындағы Абайлардың саны 8 231 адам.

Барлық жаңалықтар