00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Дуслық» орталығы —Түркітілдес елдер арасындағы байланысты нығайтады

30.04.2023 | 18:30
44

Қазақстанда  250 мыңға жуық татар тұрады. Алғашқы татар қоныс аударушылардың едәуір толқыны Қазақстан жеріне сонау  1552 жылы келді. Татар этносының бүгінгі күнгі өкілдерінің басым бөлігі  еліміздің білім, мәдениет және медицина салаларында жұмыс істейді. Елордада татар мәдениет сақтау бойынша «Ақ калфак» татар және башқұрт әйелдері кеңесі мен «Дуслык» татар білім беру мәдени орталығы бар.   Elorda.info тілшісі орталық төрағасы Яннат Низамутдиновамен тілдесіп, елордада түркітілдес елдер арасындағы мәдени байланыс туралы әңгімелесті. 

Низамутдинова Яннат Асхатқызы, 1956 жылы Башқұртстан Республикасында,Балтач ауданында, Норкина ауылында дүниеге келген.  Татар ауылында 8-сыныпты аяқтағаннан кейін Целиноградқа оқуға түсі үшін келіпті. Техникумды үздік бітіріп, экономист және психолог мамандықтары бойынша екі институтты тәмамдаған. Республикалық маңызы бар қалаларда экономист және бас есепші болып жұмыс істеген.

IMG-20230430-WA0005.jpg

- Яннат Асхатқызы білікті қаржыгер бола тұра қоғамдық қызметке қалай келдіңіз?

 - Мен  зейнетке 5 жыл жыл қалғанда «зейнетке шыққан соң не істеймін?» деген сұраққа ойлана бастадым.  Бірінші кезекте менің кәсіби мәртебемді түбегейлі өзгертетін қадам жасадым.  2010 жылы  жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне құжат тапсырып, сырттай психология мамандығына оқыдым. Мұқтаж адамдарға қандай да бір пайда әкелгім келді. Әрине, әйел ретінде үйде отырған нәзік жандылардың мәселелерін түсіндім. Бұл тақырып маған жақын. Сөйтіп «Бейбітшілік әйелдерінің Достық орталығы» қоғамдық бірлестігін аштым. Осы орталықты құра отырып, мен әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты бала тәрбиесі мен үй шаруасындағы әйелдерге жағдай жасағым келді. Әлеуметтік жағдайына, дініне, ұлтына және жасына қарамастан көптеген өмірлік маңызды мәселелер шешілді: олар мемлекеттік органдармен, меценаттармен байланысқа шығып, туындаған жағдайдан шығудың кез-келген жолын іздеді.

- «Ақ калфак» татар және башқұрт әйелдері кеңесі қашан құрылады, қандай жұмыс атқарады? 

- «Ақ қалфақ» татар және башқұрт әйелдер кеңесі 2017 жылы «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі жанынан ұйымдастырылды. Осы бірлестіктің конференциясында менің кандидатурам татар және башқұрт әйелдері кеңесінің «Ақ қалфақ» басшысына ұсынылды , ол бірауыздан дауыс беру арқылы қолдау тапты .Белгілі татарлардың шығармашылық мұрасын сақтау, Қазақстан мен Астана қаласы татарларының тарихын зерттеу, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті , тілді сақтау бойынша үлкен жұмыс жүргіземіз. Конкурстар, семинарлар, тренингтер өткіземіз. Ұлттық, рухани мерекелерді ұйымдастыруға қатысамыз. Психологиялық, заңгерлік және қаржылық көмек көрсетеміз. 

IMG-20230430-WA0001.jpg

 -  «Дуслык» татар білім беру мәдени орталығының мақсаты қандай? 

 2013 жылы Астана қаласында «Дуслык» татар білім беру мәдени орталығы құрылды. Орталықта  Қазақстан халқының этносаралық және конфессияаралық келісімін нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Түркітілдес елдер , тарихи Отан Башқұртстан мен Татарстан арасындағы байланысты нығайту бойынша түрлі іс - шаралар өткіземіз , 20 ғасырдағы ескерткіш - Астанадағы татар мешітін жаңғырту жобасымен жұмыс істейміз. Ұлы татар жазушылары Мұса Жалилдің, Ғабдулла Тукайдың туған күндеріне арналған іс-шаралар ұйымдастырамыз. Ораза байрам, Құрбан байрам рухани мерекелерін өткіземіз. Біз өмірлік қиын жағдайға тап болған жалғызбасты, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеміз.

IMG-20230430-WA0000.jpg

- Қоғамдық жұмыс қандай  нәтиже берді? 

Қоғам белсенділері ретінде біздің еңбегімізді бағалауға дейін көп нәрсе бар. Менде «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі, Дүниежүзілік татар конгресінің ең жоғары наградасы-«Татар халқына сіңірген зор еңбегі үшін» медалі, Астана қаласының 20 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, ҚХА-ның 20 жылдығына және «Мұса Жалилдің туғанына 110 жыл толуын еске алу» (Татарстан) төсбелгілері бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті мен Татарстан Республикасы Президентінің, Астана қаласы әкімінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Татарстан Республикасының ҚР Өкілетті өкілінің алғыс хаттар мен басқа да көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталдым.Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Қазақстанның Алтын кітабында» бармын. Бұл жетістіктерге мен әріптестерім мен қолданушыларнын арқасында жеттім. Оларға көп рахмет!

IMG-20230430-WA0002.jpg

- Яннат Асхатқызы , сіз 2020 жылға дейін Аналар кеңесінің төрағасы болдыңыз, бұл кеңесті құруға не түрткі болды ?

- Мен ҚХА аналар кеңесінде жұмыс істеген кезде, алғашқы күннен бастап Кеңеспен пайдалы бола алатын қызмет түрлерін белгіледік. Аналар, өздеріңіз білетіндей, біздің өміріміздің барлық салаларында үлкен рөл атқарады. Аналар кеңесі, кеңесші орган ретінде, сәйкесінше заңды мәртебеге және қаржыландыруға ие емес екенін ескере отырып, біз нақты игере алатын және шеше алатын жұмыс бағыттарына тоқталуға мәжбүр болдық. Аналар кеңестері отбасы институтын сақтау мен нығайтуда, жас ұрпақты тәрбиелеуде, ажырасу санын азайтуда, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен рөл атқарады. Олар әйелдердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, табысты отбасылардың тәжірибесін тарату, қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыстар және тағы басқалар бойынша консультациялық-ақпараттық жұмыстар жүргізеді.

- Сіздің ойыңызша, әйелдің қоғамдағы рөлі қандай?

- Әйел- ана, ошақ пен отбасылық жайлылықтың қамқоршысы. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеудегі ананың рөлі өте зор. Қазіргі қазақстандық әйел этникалық тегіне қарамастан жалпы қабылданған заңдылықтарды ұстануға тиіс. Біз тез дамып келе жатқан Батысты қуа аламыз, бірақ олардың қоғамының Ашық деградациясын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан менің ойымша, біздің менталитетімізге, дәстүрлерімізге және әдет-ғұрыптарымызға тән адамдардант үлгі алу керек.

IMG-20230430-WA0003.jpg

- Зейнеткер бола тұра қоғамдық жұмысқа ат салысу қиын ба? Сізді не шабыттандырады?

Қазір зейнетте болсам да көп жұмыс істеймін. Кездесулер, жобалар мен келіссөздер алдын ала жоспарланып тұрады. Бұл маған ұнайды. Пайдалы жұмыс жасап жүріп қалай шаршауға болады? Аллаға шүкір, мен бақыттымын! Балаларым өсті, білім алды,сұранысқа ие маман атанды. Ал немерелер өз жетістіктерімен қуантады. Бақыт үшін тағы не қажет? Әр күн – Алла тағаланың сыйы. Мен үшін тек отбасыма ғана емес, барлық адамдарға пайдалы бола білу маңызды. Жақсылық әрқашан жақсылықпен оралады. Мен бұл принцип бойынша өмір жүремін.жүремін. Бұл мені шабыттандырады.

IMG-20230430-WA0006.jpg

Барлық жаңалықтар