00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Димаш Құдайберген Гонконгта жеке концертін береді

10.11.2023 | 08:00
47
Фото: dimashnews.com

Әнші Димаш Құдайберген 23 желтоқсанда Гонконгта жеке концертін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Концерт STRANGER әлемдік турнесі аясында өтпек. Бұл туралы әншінің жеке сайты жазды.

2023 жылдың 23 желтоқсанында Димаш STRANGER әлемдік турнесінің аясында Гонконгта жаңа жеке концертін өткізеді. Бұл күннің Димаштың шығармашылық өмірінде маңызы зор. Дәл осы күні, 7 жыл бұрын қазақстандық әнші «I am Singer» жобасына қатысу үшін Қытайға алғаш рет барып, Dears-пен бірлескен сапары басталды. Билет сатылымының басталуы туралы ақпарат жақын арада белгілі болады. Жаңалықтардан хабардар болыңыздар, - деп жазылған хабарламада.

Ауқымды шоу 20:00-де Гонконг көрме орталығында, HALL 5BC-де өтеді.

a610a9dc126ed34a02ec.jpeg

Барлық жаңалықтар