00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Бесік жыры» анимациялық фильмі Үндістанда үздік атанды

13.06.2023 | 22:30
49
фото: kazakhcinema.kz

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Аурангабад қаласында төртінші мәрте өткен халықаралық фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен талантты кинематографистерді жинады. Биыл байқауға 1300-ге жуық жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 132-і анимациялық фильмдер. Dala animation шығармашылық ұжымы дайындаған «Бесік жыры» мультфильмі қазылардың ең жоғары бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты. 

Туынды 2021 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шықты.

Айта кету керек, бұл «Бесік жыры» анимациялық фильмінің алғашқы жүлдесі емес. Қазақстандық мультфильм мамыр айында Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн,- деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

Барлық жаңалықтар