00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандықтар ЮНЕСКО-да өткен концертте өнер көрсетті

19.12.2023 | 11:30
32
Фото: дереккөз

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) 30 жылдығына орай ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Біз біргеміз» атты гала-концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.

ЮНЕСКО сахнасында «Қара жорға» биі мен Латиф Хамидидің әйгілі «Бұлбұл» романсы қойылды. Сондай-ақ кеш бағдарламасында халық әндері мен билері, түркі елдерінің көрнекті композиторларының шығармалары, соның ішінде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі орындалды.

48195448453c70fee7619702eefa19b4_1280x720.jpeg

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Зарина Алтынбаева, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және «Қазына» би тобы тамаша шығармаларды орындады.

Білесіздер, ТҮРКСОЙ ұйымы әлемге түркі елдерінің мәдениетін паш етуге ұмтылады. Іс-шарада әр елдің құнды мұрасы құнтталып, мәдениет пен руханияттағы өзіндік орны айшықталды. Бұл орайда ұйым әлем халықтарын түркі жұртының дәстүр-мәдениетімен таныстыруға әлде де күш жұмсап, зор үлес қосатынына сенімдіміз, - деп атап өтті ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф.

Айта кетейік, Парижде ТҮРКСОЙ мерейтойын атап өту – бұл, ең алдымен, ұйымның бейбітшілікті нығайтуға және мәдени мұраны насихаттауға қосқан көпжылдық үлесін мойындау.

Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы бауырлас халықтарды рухани жақындастыру жөніндегі өз миссиясын одан әрі дамытуға уәде берді, ал ЮНЕСКО-да ТҮРКСОЙ өзінің болашақ мәдени астаналарын, соның ішінде Ақтау қаласын таныстырды. Бұл қалада іс-шаралар 2025 жылы өтеді.

Барлық жаңалықтар