00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандық оқушы Италиядағы фестивальде екінші орын алды

24.06.2023 | 09:00
49
Фото: pulse

13 жасар Сағын Өмірбайұлы «Sanremo Junion 2023» халықаралық фестивалінде екінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады Еlorda.info.

Қазақстандық әлемнің 20 елінен келген орындаушылар арасында үздік атанды. 2022 жылы ол "Балалар. Дауыс" шоуында қола жүлдегер атанған еді. Ол бес жасынан бастап музыкамен айналысады. Сағынның айтуынша, сахнадан ән айту оған өзіне деген сенімділікті арттырды.

"Мен екі жыл Астанадағы Оқушылар сарайында оқыдым. Онда мен ашылып, ішкі комплекстерімнен құтыла алдым. Дәл сол жерде мен өз шеберлігімді алғаш рет көрсеттім. Ол кезде мен үшін бұл үлкен сахна сияқты боп көрінді", - дейді вокалист.

Сағынның болашаққа үлкен жоспарлары бар. Ол әзірше музыкалық байқауларға қатыспай, шығармашылық кідіріс алмақ.  Бірақ бұл тек өз бағыты пен репертуарды анықтау үшін керек екенін айтты. 

Барлық жаңалықтар