00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау бойынша кеңес өтті

19.09.2023 | 12:00
53
Фото: akorda.kz

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Ежелгі кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық көптомдық басылымын дайындау мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі заман ғылым талабына сай Қазақстанның көптомдық тарихын әзірлеу Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көтерілгені баршаға аян. 

Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен жаңа академиялық басылым томдарының жетекшілері – Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры Меруерт Әбусейітова – Мемлекеттік кеңесшіге Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың II отырысында қойған міндеттерінің орындалуы туралы баяндады.

Ерлан Қарин отырыстың қорытындысында Қазақстан тарихының жаңа академиялық көптомдық басылымын дайындау жұмысының алдағы бағыттарын айқындап берді.

Барлық жаңалықтар