00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Аялаған Астана» гала-концертінде әннен шашу шашылды

01.07.2023 | 21:00
47
Фото: Elorda.info

Астана қаласы әкімшілігі мен мәдениет басқармасының қолдауымен ашық аспан астында ұйымдастырылып жатқан ән мерекесі кешкі сағат 20.00-де басталды. 

9ad7fd49-f5e5-408d-9a18-f2a5f1a52cda.jpg

Гала-концертте «Аялаған Астана» республикалық конкурстың барлық жылдардағы қатысушылары өнер көрсетпек. 

Аталған конкурс алғашқы рет 2013 жылы басталып, 10 жылдан бері өнерпаздар қанатын қомдап ұшатын ыстық ұяға айналды. Байқауда 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар эстрадалық вокалдан өнерлерін сынайды. Іріктеу кезеңі аймақтарда болады, кейін финалда жеңімпаздар анықталады. «Аялаған Астананың» жеңімпаздарының қатарында Болат Батырбаев, Мұхамедали Жүгінісов, Данелия Төлешова, Жанель Садуақас және басқалары бар. 

1bd291a8-c94d-4850-986d-c453fb1304b9.jpg

"Музыкалық телевизиялық байқауға 10 жыл болды. Біз осы гала-концертте барлық жылдардағы қатысушыларды, оның ішінде жеңімпаздарды жинауға тырыстық. Бүгінгі концертте Ержан Максим қатысады, бірақ ол конкурстың қатысушы емес. Ал осында өнер көрсететін Садраддин – осы байқаудың қатысушысы. Биыл да еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарды жинап, елордасында өнерлерін шыңдадық. Міне, қала күніне орай осындай таланттарымыз елордалықтар және қала қонақтары үшін әннен шашу шашады", - деді осы гала-концерттің қоюшы режиссері Саян Мырза.

Барлық жаңалықтар