00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астананың тарихы архивте сақтаулы

19.07.2023 | 12:00
47
Фото: Астана қаласы мемлекеттік архиві

Астанада қаланың мемлекеттік архиві бар. Құжынаған құжаттар біз білмейтін қандай  сырларды сақтап тұр, Көне фотосуреттер нені баяндайды? Бұл жайлы Elorda.info тілшісі біліп қайтты.  

архив 4.jpg

Қалалық архив құрылымы бір мекеме болғанмен, орынның жетіспеушілігіне байланысты қала төрт бірдей ғимаратқа бөлініп орналасқан. 

 -Елордалық архивтің тарихы  1912 жылдан басталады. Облыс орталығы Көкшетау өаласына көшірілген соң облыстық архивтің құжаттары қалалық  және облыстық екіге бөлінді. Облыстық мұрағат 1999 жылы Көкшетау қаласына көшірілді. Сонымен, Астана қаласының жеке архиві 1995 жылы 23 қарашада қайта құрылды. Мұнда метрикалық кітаптар, адамдардың туғаны, қайтыс болғаны жайлы мәліметтер сақталған. Сондай-ақ елорданың қоғамдық-саяси, мәдени өмірінің маңызды аспектілерін сипаттайтын тарихи оқиғалар, қоғам мен қаланың, халық шаруашылығының даму кезеңдері, республикамыздың саяси және мемлекет қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет, өнер өкілдерінің өмірі жайлы құжаттар бар. Архив қала аумағында орналасқан 336 кәсіпорындар мен ұйымдардың құжаттарын меншік түріне қарамастан, мемлекеттік есепке алу және пайдалануды қамтамасыз етеді, - деді ,- Астана қаласы мемлекеттік архивінің ғылыми зерттеу және ақпараттық түсіндіру жұмысы қызметінің басшысы Ғазиза Исхан.

архив 1.jpg

Оның айтуынша, архив құжаттарын пайдалану үшін жылына 5 мыңнан 10 мыңға дейін сұраныс келіп түседі екен.  Оның ішінде 60-тан 100-ге дейінгісі - тақырыптық немесе генеологиялық сұраныстар. Көбіне  зейнеткерлікке құжатын дайындап жатқандар келеді. Олар өздері еңбек еткен мекеменің салғырттығынан жоғалтқан құжатын  осы жерден іздеп тауып, қуанып жатады.  Көшіп кеткен басқа ұлт өкілдері де өздерінің оқыған, тұрған жерлерінің құжатын жиі сұратады. 

архив.jpg

Мамандардың айтуынша, архивке келмес бұрын хат жазып, оқырман залына рұқсат алуы керек. Содан соң бралық құжат реттілігі тіркелген кітапша арқылы келуші өзіне қажетті материал туралы ақпарат ала алады. Негізінен, келушілерге материалдардың түпнұсқасы берілмейді, Сонымен қатар, бұл жерде барлық деректер цифрландырылған.  Әрине маңызды зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдарға түпнұсқамен танысуға рұқсат берілуі мүмкін. 

рестар.jpg

Қордағы құжаттар арнайы температурада сақталады. Ал кейбір күлбіреп, жыртылған қағаздар қалпына келтіріліп отырады. 

Жалпы, қалалық мұрағатта өткен ғасырдың 17-18-ші жылынан бастап қала тарихына қатысты құжаттар сақталыпты. Ал фотосуреттердің дені XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынан бастап жинақталған.  Бұл жерден  1911 жылғы көне суреттерді де кездестірдік. 

Спикердің айтуынша, архивте Астана қаласындағы тарихы терең ғимараттар туралы да деректер көп. Қазіргі кезде бас қалада 46 тарихи ғимарат бар. Бұлар туралы да мұрағатта тарихи деректер сақталған.

Мәселен, Ақмоладағы алғашқы мешіт аға сұлтанның қаражатына 1838 жылы салынды. Оның жанынан 1842 жылы діни оқу орны ашылды. Мұнда шағатай (татар), араб тілдерінде оқу мен жазуды үйретті. Тұңғыш мешіт қазіргі кезде Иманов көшесі 2-үй мекенжайында орналасқан.  

Сонымен қатар қазіргі Сәкен Сейфуллин музейі – қаладағы ең ескі ғимарат екенін біреу білсе, біреу біле бермейді.  Оның 177 жылдық тарихы бар. 1846 жылы сатып алынған тауарлардың есебін жүргізу үшін кеңесеге арналған жертөлесі бар бір қабатты үй болған. XX ғасырда мұнда балабақша болды. Ал 1988 жылдың 20 ақпанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Сәкен Сейфуллин мұражайы болып ашылды. Архивтегі осы секілді қызықты деректер келушілер мен елорда тарихын зерттеушілерді жиі қызықтырады.  

домик.jpg

 -Қала тарихы туралы құжаттар, Астана мәртебесін алғаннан бері, яғни 1994 жылдан бастап бөлек сақталады. Оған арналған 424 нөмірлі жеке қор бар. Бізде екі мыңнан астам фотосурет сақталған.  Оның көпшілігі  жергілікті "Ақмола ақиқаты" фототілшілерінің қорларынан алынған. 

нандар.jpg

Сонымен қатар, белгілі адамдардың, оның ішінде жазушылардың, журналистердің, өнер адамдарының, ғалымдардың, Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жеке қорларын қабылдаймыз. Олар кейбір маңызды құжаттар мен сирек кездесетін фотосуреттерді тапсырып жатады.  Сондықтан бізде мемлекеттік қағаздар ғана емес, жеке құжаттардың қоры баршылық да - деп түйіндеді бізбен әңгімесін Ғазиза Исахан.

Барлық жаңалықтар