00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

Астаналық студенттер халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

22.02.2024 | 10:50
104
Фото: дереккөз

ЕҰУ-дың шығармашылық ұжымдары Түркияда өткен халықаралық байқауда сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық студенттер қазақтың халық әндері мен билерін шебер орындап, шетелдік көрермендерді тәнті етті. Олар фестивальдің бас жүлдесімен қатар, 4 номинация бойынша үздік деп танылды. 

Біздің жастар халықаралық байқауға өте мұқият дайындалды, өйткені олар ел намысын қорғады. Университетіміздің өнер ұжымдары сахнада өте сенімді болды және жоғары деңгейде өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша «E-STUDIO» вокалистері «Folk Perfomance» халықтық орындау номинациясы бойынша үздік деп танылып, топтық орындауда екінші орынға ие болды. «SAMURYQ» би тобы «Folk Dance» (халық билері) номинациясы бойынша І орынды жеңіп алса, «Modern Dance» (заманауи би) аталымында екінші орынды еншіледі. Біз бұл нәтижеге өте қуаныштымыз, - деп атап өтті ЕҰУ «Өнер орталығы» шығармашылық ұжымының басшысы Ғанибет Мұхтаров.

Фестивальге 6 елдің шығармашылық топтары қатысты: Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Германия, Қазақстан және Испания. ЕҰУ студенттері халық әндері «Әдемі қыз», «Құсни Қорлан», «Япыр-ай», сондай-ақ «Шұғыла», «Толғау», «Ұлы дала» би нөмірлерін халықаралық сахнада орындады. 

Айта кетейік, ЕҰУ-дың шығармашылық ұжымдары халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Олар 2023 жылы «EUROPE ASIA ART» II халықаралық фестиваль-байқауының жеңімпаздары атанды.

Барлық жаңалықтар