00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада «Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

07.03.2024 | 09:16
73
Фото: дереккөз

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Байқау 2023 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ұлттық комиссияның қолдауымен өтетін байқаудың мақсаты үздік идеялар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын әйел көшбасшыларды қолдау, біріктіру және алға жетелеу. 

Қазақстанның барлық өңірінен байқауға 260 жоба ұсынылды. Олардың 20-сы отбасы институтын, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін қолдауға, балалар құқықтарын қорғауға, инклюзивті қоғамды, креативті индустрияларды, IT, агробизнесті және қайырымдылықты дамытуға бағытталған үздік жоба деп танылды.

Аида Балаева Мемлекет басшысы атап өткен әйелдің қоғам өміріндегі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін айта келе, байқаудың 14 жеңімпазына сыйлықтар табыстады.

Ұлттық комиссия төрағасы бұл жобалар Қазақстанның дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Үздік жобалардың қатарында әйелдер кәсіпкерлігі, инклюзивті қоғамды дамыту, инновациялар, креативті индустриялар, отбасылық тәрбие, қайырымдылық жобалары бар.

Барлық жаңалықтар