00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада ақын Қуаныш Мақсұтовтың кітабының таныстырылымы өтті

20.12.2023 | 08:30
58
Фото: Сұлтан Сейіт

Елордадағы ұлттық кітапханада белгілі айтыс ақыны, «Қазақтың сары тентегі» атанған Қуаныш Мақсұтовтың  «Құт» атты жаңа жинағының таныстырылым рәсімі өтті, деп хабарлады elorda.info

Автордың 60 жылдық мерейтойына орай  өткен әдеби сазды кешке белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, ғалымдар мен жастар сонымен қатар ақын шығармашылығының шынайы оқырмандары қатысты. 

Кеш тізгінін белгілі айтыс ақыны, Серікзат Дүйсенғазин ұстап, жүргізіп отырды. 

максут  гл.jpg

Алғашқы болып сөз алған ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ғалым Жайлыбай кеш иесінің шығармашылығына қысқаша тоқталып, ақжарма тілегін арнады. 

Көпшілік қауым Қуанышты қазіргі кезде айтыс ақыны ретінде жақсы біледі. Мен өз басым Қуаыншты ең алғаш жазба ақын ретінде танығанмын. Кейінгі жылдары айтыс өнеріне көп көңіл бөліп кетіп, жазба поэзияға сирек назар аударып жүр. Дегенмен Қуаныштың жазаба поэзияға да өзіндік қосқан үлесі бар. Сондай ойлы да мағыналы өлеңдері бүгінгі кітабына еніп отыр екен. Ақынды жаңа кітабының жарыққа шығуымен және 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймын, - деді Ғ. Жайлыбай. 

Одан кейін сөз алған, белгілі жазушы Мемлекттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқаров,  ғалымдар, Айгүл Ісмақова, Амантай Шәріп, белгілі спорт журналисті Несіп Жүнісбайұлы ақын шығармашылығына қысаша тоқталып, жаңа кітапқа құтты болсын айтысты. 

максут 1.jpg

Жиын барысында автор өзінің айтыс және жазба ақындықтан бөлек бард ақындық өнерін ортаға салды. Келген көпшілік қауымға өзінің «Қотыр тай» атты шығарамасын гитарамен орындап берді.   

 Оқырман «AlphaPrint» баспасынан шыққан кітапта көрсетілген  QR-код арқылы автордың музыкалық туындыларын тыңдап, ақынның жеке YouTube арнасындағы ақпараттармен таныса алады. 

 Кітаптың бірінші бөліміне поэзия, екіншісіне бардтық, шансондық туындылары, үшіншісіне - қаламгердің ой-толғамдары, көсемсөз жазбалары жинақталған. Кітап көпшілік оқырманға арналған. Кеш барысында өнер иесі өзінің бардтық туындылары мен шансондарын орындайды. 

Айта кетейік ақын Қуаныш Мақсұтов 1963 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған. Халықаралық, республикалық ақындар айтыстарының, республикалық «Жігер» фестивалының, Университеттердің Бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты. «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өткен республикалық «Аламан айтыс» жарысында «Орақ тілді, от ауызды ақын» атағы берілген.

Бұған дейін автордың «Мәңгілік мұңның әуені» атты бардтық әндер жинағы (2013), «Тәкаппар мұңның кербез тамшылары» атты жыр жинағы (2013) жарық көрген. Бірнеше интелектуалдық жобалардың авторы.

Барлық жаңалықтар