00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Астана Опера» жаңа маусымды «Абай» операсымен бастайды

23.08.2023 | 05:30
57
Фото: «Астана Опера» театрынан

«Астана Операның» XI маусымы ең танымал ұлттық операмен ашылады, деп хабарлады Elorda.info.

Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің әйгілі «Абай» операсы 8 қыркүйек күні атақты дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың баян етуінде «Астана Операның» жаңа театр маусымының шымылдығын түрмек. Спектакль әлемнің көптеген елдерінде қойылып, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

«Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев шексіз таланты мен ұлттық классикаға, атап айтқанда, А.Жұбановтың шығармаларына деген ерекше құрметінің арқасында «Абай» операсын еліміздің музыка өнерінің үлгісіне айналдырды. 

DSC0227-1.jpg

2018 жылы осы қойылым үшін театр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

«Абайдың» қоюшы дирижері – әлемдік деңгейдегі музыкант. Алан Бөрібаев – шетелде ең танымал қазақстандық дирижерлердің бірі. 

«Абай» операсы – жақсылық пен жамандықтың махаббаты мен күресі туралы баяндап қана қоймай, сонымен қатар барлық рухани бай қазақ жанының нәзіктігі мен қырын бейнелейтін, көшпелі өмірдің өзіндік салтын және көшпенділерді толғандыратын болмыстың философиялық мәселелерін ашатын айна.

XI маусымның бірінші кешінде театрдың жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері сахнада өнер көрсетеді: Абайдың бас партиясын Жанат Шыбықбаев, Айдар – Мейір Байнеш, Ажар – Айгүл Ниязова орындайды.  Жиреншенің рөлін Талғат Ғалеев, Әзім – Бейімбет Танарықов, Қарлығаш – Татьяна Вицинская, Көкбай – Ержан Саипов, Сырттан – Болат Есімханов, Нарымбет – Артур Ғабдиев, Мес – Хайдар Мұстапин сомдайды.

Барлық жаңалықтар