00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Астана Опера» мерейтойлық маусымын симфониялық концертпен аяқтайды

12.07.2023 | 16:00
38
Фото: «Астана Опера» театрынан

16 шілдеде «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында оныншы мерейтойлық маусымның ауқымды жабылуы өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Көпшіліктің назарына «Астана Опера» театрының бас дирижері, әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың бағдарламасы ұсынылады. Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың «Құрманғазы» операсынан сюитаның премьерасы, сондай-ақ Антонин Дворжак пен Густав Малердің туындылары кештің сәнін келтіреді. 

«Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрі ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен тыңдармандарға нағыз асқақ өнер мерекесін тарту етеді. 

Бұл кеште есімі бүкіл әлемге мәшһүр болған атақты виолончельші Цзин Чжао Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетпекші. Мерейтойлық маусымның және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Опералия» халықаралық фестивалінің жабылуында танымал музыканттар біртуар композиторлардың туындыларын ұсынады. 

Кешімізді Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың «Құрманғазы» операсынан Симфониялық сюитаның премьерасымен бастаймыз. Осылайша, біз өзіміздің ұлттық өнерімізді қолдау – «Астана Опера» қызметінің басты бағыттарының бірі екенін атап көрсетеміз. Одан кейін біз атақты виолончельші Цзин Чжаомен бірге Антонин Дворжактың жауһары – Виолончельге арналған концертін орындаймыз. Ал концерт пен театрдың мерейтойлық маусымын Малердің «Титан» атты ғаламат бірінші симфониясымен аяқтаймыз, – деді Алан Бөрібаев. 

Барлық жаңалықтар