00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Астана Опера» алғаш рет Дубайда өнер көрсетіп жатыр

14.12.2023 | 11:15
64
Фото: дереккөз

«Астана Опера» труппасының 13-17 желтоқсан аралығындағы гастролі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Дубай Опера» сахнасында өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Шығармашылық бағдарламаны Г.Ф.Гендельдің «Мессия» ораториясы ашады. Атақты туындыны «Астана Опера» Симфониялық оркестрі Dubai Festival Chorus шығармашылық ұжымымен бірлесіп орындайды. Концерттің дирижері – дубайлық маэстро Роб Джонстон. 

d1e8c5aaa981d650b7f425a7c04ddbee_1280x720.jpg

2023 жылға шағын қорытынды жасайтын болсақ, балет труппамыз аңызға айналған Абай атындағы театр сахнасында табысты өнер көрсетті, сондай-ақ 71-ші жазғы Любляна фестивалі аясында Словенияға гастрольмен барды. Сан алуан репертуарымыз Иржи Килианның «Кіші өлім» және Герман Левенскольдтың «Сильфида» балеттері тәрізді премьералық спектакльдермен толықты. «Дубай Опера» сахнасындағы өнер көрсету осы жылды түйіндейді. Қазақстандық балет өнерін осынау керемет сахнада таныстыру – біз үшін үлкен қуаныш. Бұл гастрольдің әртістерімізге шабыт сыйлап, жаңа жобаларды құлшыныспен орындауға серпін беретініне сенімдімін, – деп атап өтті «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

«Астана Опера» балет труппасы 15, 16 және 17 желтоқсанда дубайлық көрермендердің назарына хореограф Ю.Григоровичтің қойылымындағы П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін ұсынады. Аталған күндері Маридің партиясын балет сахнасының шеберлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева, Мәдина Өнербаева және солист Шұғыла Әдепхан таныстырады, ал Щелкунчик-Ханзаданың партиясын театрдың жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Адамжан мен Еркін Рахматуллаев орындайды. Ал симфониялық оркестрге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин мен италиялық маэстро Джузеппе Акуавива жетекшілік етеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін БАӘ-дегі «Астана Опера» театрының гастрольдері осы жылы аяқталады.

Барлық жаңалықтар