00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«ASTANA MUSICAL» театрының әртістері Оңтүстік Кореяның Тэгу халықаралық музыкалық фестиваліне қатысады

01.06.2023 | 18:00
46
Фото: дереккөз

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының әртістері Оңтүстік Кореяның Тэгу халықаралық музыкалық фестивалінің (DIMF) мюзикл фестиваліне қатысады. 2-3 маусым күндері әртістер Тэгу опера театрының сахнасында «Роза Бағланова» спектаклімен «Daegu Opera House» сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Корея  еліне ұшпас бұрын әуежайда театрдың негізгі және қосалқы рөлдерді орындаушылары қазақтың халық әні «Керім-ау айдай» әнін шырқап, Алматы әуежайындағы жолаушыларды сүйсіндірді. 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы әртістерінің қатысуымен түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде жарияланған қызу лайк пен пікір жинауды жалғастыруда. Музыкалық флешмоб кездейсоқ көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлауда. Әуежайдың күту залында кенеттен хормен орындалған «Керім-ау айдай» лирикалық әуені шырқалғанда, республиканың және әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар осындай тамаша оқиғаның куәсі болды. Дыбыстардың керемет палитрасына тәнті болған көрермен ән шырқап т ұрған әртістердің маңызды сәттерін жадында сақтау үшін қолдарындағы смартфондарға видео түсіріп жатты.

Әйгілі фольклорлық шығарма көптеген қазақ әншілерінің репертуарына енген танымал әндердің бірі. Жас шығармашылық ұжым ата-баба дәстүрін, ұлттық мәдениетті отандық және шетелдік көрермендер аудитория арасында кеңінен насихаттауға күш салуда.

вын1.jpg

Айта кетейік, «Astana Musical» мемлекеттік театры - Тэгу қаласындағы 17-ші халықаралық мюзикл фестивалінің (DIMF) ресми шақырту алған қонағы.

Фестиваль аясында театр әртістері көрермендерге «Роза Бағланова» мюзиклін көрермендерге ұсынады. Мюзиклде КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Роза Бағланованың балалық және жастық шағы, сондай-ақ, соғыс жылдарындағы қиын тағдыры, өмірінің қилы сынақтары, аты аңызға айналған әншінің өміріндегі шешуші кезеңдері, оның үлкен шығармашылық жолының қалыптасуы баяндалады.

2 маусым, сағат 19:30-да және 3 маусым сағат 14:00-де (жергілікті уақыт бойынша) жоспарланған «Daegu Opera House» сахнасында «Роза Бағланова» мюзиклінің 2 көрсетілімі болады. 

Фестивальға Қазақстаннан басқа Франция, Германия, Ұлыбритания, Корея сынды елдердің өнерпаздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ «Astana Musical» театры фестивальдің жабылу салтанатына қатысады. 

Оңтүстік Кореялық «Naver TV» платформасында «Роза Бағланова» мюзиклінің тікелей көрсетілімі көрсетілетін болады.

«Astana Musical» – еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры. Театрдың көркемдік жетекшісі – белгілі режиссер Есләм Нұртазин.

Барлық жаңалықтар