00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Астана Балет» Швейцарияда үздік туындыларын паш етеді

15.12.2023 | 11:00
48
Фото: дереккөз

Бүгін Швейцарияда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Астана Балет» театрының гастрольдері басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Астаналық ұжым Женеваның Batiment des Forces Motrices мәдениет орталығында үш күн бойы ұлттық және заманауи хореографияның үздік туындыларын паш етеді: А.Алонсоның «Кармен-сюита» балеті, «Тағдыр бұлтарыстары» авторлық спектаклі мен «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті.

Менің ойымша, кез келген гастроль – тәжірибе алмасу, мәдени дәстүрді паш ету. Осы тұрғыдан алғанда Женева біз үшін жаңа қала. Біз көрсететін спектакльдер, сөз жоқ, озық қойылымдар. Женева көрермені де бұл туындыларды зор ілтипатпен қабыл аларына үміттіміз, - деді театр директоры Александр Совостьянов.

Көрерменге Жорж Бизе-Радион Щедрин музыкасына А.Алонсо қойған «Кармен-сюита» балеті көрсетіледі. Бұл – ХХ ғасыр балет өнерінің озық үлгісі. Хореографиялық өнердің жанкүйерлері «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриева Карина Абдуллинаның музыкасына қойған «Тағдыр бұлтарыстары» мистикалық спектаклін тамашалай алады.

15c675b4d5fd2a45d1ea93dd8d7bdc1d_1280x720.jpg

Сондай-ақ, өнер сүйер қауымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Абубахриева туындыларынан құралған «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті көрсетіледі. Ұлттық болмысымызды би тілімен жеткізетін этнографиялық және бейнелік нақышқа бай туынды театрымызды әйгілеп тұрған дүниеге айналып, Еуропа мен Американың талай көрерменін тамсандырған.

Барлық жаңалықтар