00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астана архивінен нені тамашалауға болады?

22.09.2023 | 06:00
60

Астана қаласының мемлекеттік архивінде "Архив және болашақ ұрпақ" жобасы аясында Ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda.info.

архив 3.jpeg

Ашық есік күні Астананың 25 жылдығына арналған "Шаһар шежіресі" көрмесінің көрсетілімінен басталды. 

Астана қаласының мемлекеттік архивінің құрылу тарихы бойынша экскурсия жүргізілді.

Ашық есікке келгендер архивтің электрондық оқу залы, көне құжаттарды қалпына келтіру зертханасы, құжаттарды сақтау және цифрландыру процестерімен танысты. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ақмола қаласының аумағына эвакуацияланған зауыттың және 95 жылдық тарихы бар Ақмола педагогикалық колледжінің түпнұсқа құжаттарын көріп, мол мәлімет алды.

Сонымен қатар ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен елорда тарихы туралы бейнефильмдерді тамашалады.

Әрі қарай ғылыми-зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмысы қызметінің бөлім басшысы Ғазиза Исахан «Отбасылық архив» бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Ал аға ғылыми қызметкер А.Әлімбаева тек тану тақырыбына қатысты семинар өткізді. 

Іс-шара соңында Қазақстан тарихы және туған өлке тарихы туралы блиц-викторина мен интеллектуалды ойындар ойнатылды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар