00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алтын Емел мен Барсакелмес қорығы Дүниежүзілік мұра тізіміне енді

23.09.2023 | 06:00
56
фото: дереккөзден

Тиісті шешім Комитеттің Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан кеңейтілген 45-ші сессиясында қабылданды, деп хабарлады Elorda.info Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы бірлесіп енгізген «Тұранның суық қысқы шөлдері» көпұлттық номинациясының құрамдас бөліктері ретінде Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.

алтын емел 1.jpg

Бүгін біз Орталық Азия шөлдері ЮНЕСКО-ның аса күрделі климаттық жағдайларда жер үсті экожүйелері дамуының және қарқынды экологиялық және биологиялық үдерістер шеңберінде өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету және бейімделу стратегиялары эволюциясының көрнекті үлгісі ретінде жаһандық мойындау тауып жатқанына қуанып отырмыз. Біз Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшелеріне және Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақ сарапшыларына осы көпұлттық номинацияны дайындауға барша атсалысқандардың күш-жігерін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамыз. Алтын Емел мен Барсакелместің жаңа халықаралық мәртебесі Қазақстанның шөлді экожүйелерін терең ғылыми зерттелуінің және қорғау жөніндегі тиімді шараларды жалғастырудың, сондай-ақ еліміздің орнықты және жауапты туризмді дамытудағы әлеуетін нығайтудың маңыздылығына қосымша назар тартады деп сенеміз, – делінген Комитет сессиясындағы Қазақстан Республикасы делегациясының мәлімдесінде.

Номинацияның қазақ бөлігі ҚР Дүниежүзілік мұра жөніндегі ұлттық комитеті сарапшыларының, Алматы облысындағы Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Қызылорда облысындағы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының қатысуымен, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының, сондай-ақ, «Халықаралық климаттық бастама» және «Орталық Азия шөлдері бастамасы» жобалары аясында Грейфсвальд университеті жанындағы Михаэль Зукков қорының және ГФР үкіметінің қолдауымен дайындалды.

 Бұдан басқа, Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында отандық делегация ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін нысандарды қорғау бойынша елде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды.

барса келмес.jpg

Делегация құрамына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сейітова, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әлия Байсабаева, Дүниежүзілік мұра жөніндегі ҚР Ұлттық комитетінің сарапшылары Дмитрий Воякин мен Элина Мальцева, ЮНЕСКО жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің және «Қазқайтажаңартудың» өкілдері кірді.

Сессия аясында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен тарихи қалалық ландшафттар тұжырымдамасына және қазақ елінің Дүниежүзілік мұра тізіміне тұңғыш нысаны – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енгізілуінің 20 жылдығына орай «Орнықты болашақ үшін дамумен үйлесімдегі мұра» атты арнайы іс-шара (сайд-ивент) ұйымдастырылды. 

Барлық жаңалықтар