00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Астана Балет» мерейтойлық маусымда көрермендерге қандай бағдарлама ұсынады

01.04.2023 | 00:06
Елорда ақпарат
44

«Астана Балет» театры Х мерейтойлық маусымында көрермендер назарына керемет бағдарлама ұсынады: театр репертуарындағы үздік қойылымдар, премьералар, танымал әртістермен және ұжымдармен коллаборация, гастрольдер. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында театр өкілдері мерейтойлық маусымның екінші жартысына жоспарланған негізгі іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

X мерейтойлық маусым – бұл театр үшін ғана емес, жалпы еліміздегі театрлардың тынысы үшін де маңызды оқиға. Осы маусымда біздің көрермен сүйікті балеттерін де, жаңа қойылымдарды да тамашалайды. Бұл қазақстандық жас хореографтар Айнұр Әбілғазинаның қойылымындағы «Soli Deo Gloria» және Олжас Маханбеталиевтің «Nine» атты қойылымдары, сондай-ақ І республикалық «Ашық сахна» жас хореографтар байқауының жеңімпазы «Жеті қазына» миниатюрасы. Алдағы маусымдағы ең жарқын қойылымдар осы, – деді «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетов брифинг барысында.

Н. Қанетовтың айтуынша, I республикалық «Ашық сахна» жас хореографтар байқауы – осы маусымдағы ең жарқын тәжірибе. Байқаудың мақсаты – заманауи отандық хореографияны дамыту үшін жаңа идеялар мен формаларды табу және балет өнері саласындағы ұлттық дәстүрлерді нығайту.

Спектакльдердің премьералары 15 және 16 сәуірде өтеді.

Барлық жаңалықтар