00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Биыл халықаралық джаз фестивалі өтеді

31.03.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
24

Бұл туралы «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің жетекшісі Мадияр Малдыбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Былтыр Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Қазақконцерттегі джаз кештері» жобасы қолға алынып, көрермендер тарапынан қызығушылық жоғары болды. Осы себепті биыл жазда Халықаралық джаз фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

Мадияр Малдыбаевтың айтуынша, шараға шетелдік және отандық солистер, ансамбльдер, оркестрлер мен этно-джаз ұжымдары қатысады.

Сонымен қатар «Astana Musical» мемлекеттік мюзикл театры биыл Оңтүстік Корея, Қытай, Әзербайжан елдеріне гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр. Аталған театр жыл басынан бері көптеген қойылымдарды көрермендер назарына ұсынды.

Барлық жаңалықтар