00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

71 млн теңге: Қазақ тіліне дубляждалған «Аватар: су жолы» фильмі рекорд орнатты

31.03.2023 | 22:49
Елорда ақпарат
43

Ғылыми-фантастикалық туындының қазақ тіліндегі нұсқасын 43 мыңнан астам көрермен тамашалап, кассалық табыс алғаш рет 71 миллион теңгені құрады. Бұл голливуд фильмдеріне дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Фильмді дыбыстауға 35 дубляж актері еңбек етті. Бас кейіпкері Джейк Саллиді – актер Қобыланды Болат, Зои Салдананы Шехназа Қызыханова дыбыстады. Сонымен қатар дыбыстауға балалар да қатысты.

Бүгінде қазақ тілі дубляждағы екінші түркі тілі ретінде дараланып, Blu-Ray-да көруге болатын Голливуд фильмдерінің негізгі жеті тіліне енгенін де атап өту керек.

Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта да әлемдік деңгейдегі фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды жалғастыратын болады. Бұл жұмыстарға жыл сайын 300-ге жуық дубляж маманы жұмылдырылады.

Барлық жаңалықтар