Dala dauysy шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды
![](/img/articles/uploads/63a2788abcc78976521241_9d9cc31456.jpeg)
Астанада Dala dauysy шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды, оның жүлде қоры 46 млн теңге, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Байқау 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтыды.
Жобаға қатысу үшін 200-ден астам өтінім түскен. Бұл қазақстандық композиторлар мен жазушылардың соңғы үш жылда жазылған және бұрын көпшілік алдында орындалмаған туындылары.
Байқау көпшілікке тың туындылар ұсынып қана қоймай, мүлдем жаңа есімдер ашты. Жеңімпаздар мен лауреаттардың шығармашылық жұмыстары халқымыздың тарихы мен мәдениетінде маңызды із қалдырып, қазіргі мәдени ландшафттың бір бөлігіне айналатынына сенімдімін. Бұл жобаны біз жас авторлардың өздерін танытуы және мемлекеттің қолдауына ие болу үшін дәстүрге айналдырғымыз келеді, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ресми марапаттау рәсімі аясында.
Жеңімпаздар мен лауреаттарды Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы жабық түрде анықтады. Байқаудың ерекшелігі – қатысқан авторлардың да, олардың жұмысын сараптаған қазылар алқасының құрамы да соңғы сәтке дейін құпия болды.
«Үздік классикалық музыка» номинациясымен жеке аспапқа арналған «Иллюзия» шығармасы үшін Бейбіт Дәлденбай, ансамбльдерге арналған «(Re)incarnation [Yerlik]» шығармасы үшін Санжар Байтереков, Халық аспаптары, үрмелі, симфониялық және эстрадалық-симфониялық оркестрлеріне арналған «Скрипка және симфониялық оркестріне арналған концерт» шығармасы үшін Шырын Базарқұлова марапатталды.
«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша «Сәкен» операсы үшін композитор Әліби Әбдінұров, либретто авторы Қанат Жүнісов, «Алдар көсе» балеті үшін композитор Алмабек Мейірбековтің мұрагері Ерден Ордабекұлы, либретто авторы Дамир Уразымбетов, «Алпамыс» балеті үшін композитор Арман Жайым, либретто авторы Айтқали Жайымов марапатталды.
Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясын «Елім деп соққан жүрегім» әні үшін Иса Ауғантай алды. Мәтінін жазған – Саят Рақымжан.
«Үздік фольклорлық музыка» номинациясына авторлық вокалдық-аспаптық туынды «Біздің ауыл тамаша» әні үшін Орал Байсеңгір, авторлық вокалдық немесе вокалдық-аспаптық туынды «Love story» балладасы үшін Сәтжан Шаменов, авторлық аспаптық шығарма (күй) «Бес періште» күйі үшін Асылбек Кенігесов лайық деп танылды.
«Үздік драматургиялық туынды» номинациясын драмалық театрларға арналған тарихи немесе заманауи тақырыптағы пьеса «Зор Білгамеш һәм Қорқыт Ата» шығармасы үшін Асылбек Ихсанов, балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған пьеса «Қашқын» шығармасы үшін Қуаныш Жиенбай алды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесінің иегерлері: Жаңабай Өтегенов «Түркістан» әні, Ғалымбек Исімбергенов «Мейірім керек» әні.
![Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның әнұранын орындады](/img/articles/010bb7b05674f76479a89b3fb992bdc5.jpg)
![Димаштың Астанадағы концерті қашан өтетіні белгілі болды](/img/articles/474a89ac39032876631906e9bb5feb01.webp)
![Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады](/img/articles/12cdd70842baf02641917e1e0d1c2a0b.jpg)
![Елімізде Ұлттық кітап күні белгіленді](/img/articles/2e031832e81e21d2b9c3e0b8c8b28831.jpg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)