00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

15 желтоқсанда «DALA DAUYSY» конкурсының жеңімпаздары марапатталады

31.03.2023 | 19:57
Елорда ақпарат
30

Дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында республикалық «DALA DAUYSY» конкурсы ұйымдастырылуда. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурсқа соңғы 3 жылда жазылған және көпшілік алдында орындалмаған авторлардың туындылары ұсынылады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдануда. Ауқымды жобада «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрадалық жанрда «Республика әні» номинациялары қарастырылған. Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің екі арнайы сыйлығы тағайындалды. Өтінімдерді қабылдау 15 қарашаға дейін жалғасады. «DALA DAUYSY» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен гала-концерт 15 желтоқсанда Астанада өтеді, - деді Р.Кәрібжанова.

Барлық жаңалықтар