00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордадағы Орталық Азиядағы тұңғыш инклюзивті театр кезекті қойылымын көрсетті

31.03.2023 | 19:55
Елорда ақпарат
31

Бұл тұсаукесер іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы күні аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлады Elorda.info  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

«Қызжылаған» қойылымы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы негізінде сахналанды. Бұл Семей ядролық полигонынан мүгедек болып, өспей қалған қыздың өмірі жайында. Автор кейіпкердің тағдыры арқылы қазақтың басындағы қасіретті бейнелейді. Сахналық қойылым – ядролық сынақ полигонының салдары, одан бөлек адам мен табиғаттың өзара үйлесімдігін көрсетеді. Шығарманы бастан-аяқ «Қанаттылар» инклюзивті театрының өнерпаздары қойып шықты.

Бұл театрдың ерекшелігі актерлардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен олар ол мүмкіндікті шектеусіз етіп өздерінің өнерге деген махаббатын, театрға деген махаббатын, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетуінде, - деп атап өтті шығарма авторы Роза Мұқанова.

Біріккен Ұлттар Ұйымы – бұл «Ешкімді де назардан тыс қалмайды» принципімен  әлемдегі тұрақты дамуды насихаттайтын ұйым. Сондықтан біз бүгін инклюзия мәселесіне ерекше ден қойып, назар аударуды жөн көрдік. Біз іс-шараны  осындай зәулім театрда ұйымдастырылғанына қуанып тұрмыз. Қазақстан – ашық қоғам. Бүгінде тұрақты даму бағытында үлкен ілгерілуешілік бар екендігін уақыт көрсетіп отыр, - деді Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.

Барлық жаңалықтар