00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Түркияда өткен кинофестивалде қазақстандықтар үш жүлде алды

31.03.2023 | 19:53
Елорда ақпарат
33

Түркияның Бурса қаласында өткен кинофестивалде қазақстандықтар үш жүлде алды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, түркі дүниесінің мәдени астанасында «Қорқыт Ата» сыйлығы табысталды. Осымен екінші мәрте өткен жиында түркі тілдес елдер арасында киноиндустрияның үздік актерлері марапатталып, туындылары бәйге алды.

Жаһандану- құндылықтардан ажырау емес, керісінше оны жандандыру. Әмбебаптылығымызбен құндымыз.  Басқаларға ұқсамай, оларға үлгі болу қажет. Ағаштың тамыры жерге неғұрлым тереңдеген сайын, оның таралар аумағы кеңейіп, биіктігі мен сырт пішіні ұлғайып, бұтақтарының көлеңкесі кеңейетінін ұмытпайық. Осы тұрғыдан, «Қорқыт Атаның» бізге мұра еткен құндылығының маңызы зор, - деді Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой.

Бес күн бойы көрермен жан-жақтан келген жауһар дүниелерді тамашалады. 17 елдің майталмандары арасынан отандық үш туынды жүлдеге ілікті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер Қанат Төребай Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін марапатталды.

Қорқыт Ата фильм фестивалі құтты болсын. Түркі тілдес халықтардың басын қосып, рухын көтерген бұл фестиваль жалғаса берсін. Түркі дүниесі, түркі әлемі мәңгі болсын. Мықты болсын. Бірлігіміз ешқашан жойылмасын. Қазақ киносы мықты болсын, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер Қанат Төребай.

Қатысушылар үш бағытта сынға түсті.  Деректі фильм жанрында отандасымыз Айгүл Черендинова «Еуразия билеушілері» туындысымен екінші орынды иемденсе, Қайрат Кемалов «Ақ боз үй» фильміндегі «Үздік ер адам бейнесі үшін» жүлдегер атанды.

Көне Бурса шаһарының көрермендері қазақтың «Дос-Мұқасан» көркем фильмі, «Мұқағали» өмірбаяндық драмасы, «Ұлы Дала Таңы» және «Ақ боз үй» тарихи фильмі, «Еуразия билеушілері» деректі фильмі, «Мұзбалақ» анимациялық картинасы және Қазақстан мен Татарстан бірлесіп шығарған «Тарлан» картинасын түрік тілінде тамашалады. Халықаралық іс-шара келесі жылы Әзірбайжанның Шуша қаласында ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар