00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астаналықтар Республика күнін қалай атап өтеді

31.03.2023 | 19:17
Елорда ақпарат
25

Мерекелік іс-шаралар шеңберінде республикалық және өңірлік деңгейде ауқымды бағдарлама жоспарланған, деп хабарлады Elorda.info.

17-21 қазан аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде XXV халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар байқауы өтіп жатыр.

18-23 қазан аралығында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалі өткізіліп жатыр.

21 қазанда «Бозоқ» ұлттық саябағының аумағында ежелгі Бозоқ қалашығын қайта құрудың басталғаны туралы тарихи еске алу капсуласын салу рәсімі өтеді.

24 қазанда Ұлттық академиялық кітапханада «Менің Республикам» ақындар сайысы өтеді.

25 қазанда «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі ұйымдастырған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында «Мерекелік шашу» концерті өтеді.

Сондай-ақ 25 қазанда Ұлттық музейде «Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық байқауы өтеді.

Сонымен қатар, 25 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында 2rar, Yenlik және Қайрат Нұртас концерті өтеді.

Сол сияқты 25 қазанда Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Баян сұлу – Қозы Көрпеш» спектаклі көрсетіледі, ал «Қазақстан» орталық концерт залында қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның концерті өтеді.

Барлық жаңалықтар