00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Республика күнінде елордада «Мерекелік шашу» концерті өтеді

31.03.2023 | 19:13
Елорда ақпарат
32

25 қазан – Республика күнінде елорда тұрғындары мен қонақтарын «Мерекелік шашу» концерті күтеді. Музыкалық кеш «Астана Опера» сахнасында К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Онда «Астана Операның» танымал солистері мен әйгілі «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблінің әртістері өнер көрсетеді.

Ең алдымен, барша отандастарымды келе жатқан Республика күнімен құттықтағым келеді. Естеріңізде болса, бұл күн 2001 жылдан 2009 жылға дейін мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келді. Заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін біз Республика күнін тойлауды қойдық. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтеріп, ол енді Қазақстанның әр бұрышында кеңінен атап өтілмек, біз бұған өте қуаныштымыз, – деді «Астана Опера» опера труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.

Бұл күннің еліміздің тарихындағы орны айрықша, өйткені 25 қазан – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күн. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 1990 жылы 25 қазандағы шешімінен кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындала бастады. Тәуелсіз ел құру жолындағы басты құжат осы декларация болды. Ол қабылданған бойда еліміздің шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен басқа да маңызды құжаттар бекітілді.

Мерекелік кеште көпшілік қауым концерт ұйымдастырушысы – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Гаухар Мырзабекованың жетекшілігіндегі «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблінің өнеріне баға бере алады. Танымал ұжым осымен ширек ғасыр бойы елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де өз өнерлерін табынушыларына тарту етіп келеді.

Ансамбль «Қазақстан камератасы» мемлекеттік камералық оркестрінің бас дирижері Павел Тарасевичтің жетекшілігімен өнер көрсетеді. Сонымен қатар, тыңдармандардың назарына халықаралық байқаулардың лауреаты Еркебұлан Сапарбаевтың орындауында скрипка музыкасы ұсынылады. Концертте қазақстандық композиторлардың шығармалары мен әлемдік камералық классиканың алтын қорындағы туындылар шырқалады.

Айта кетейік, «Астана Опера» солистері – танымал баритон Азамат Жылтыркөзов, тенор Артур Габдиев, сопрано Назым Сағынтай тыңдармандарға патриоттық тақырыптағы шығармаларды дайындады.

Барлық жаңалықтар