00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада ел драма театрларының республикалық фестивалі өтеді

31.03.2023 | 18:39
Елорда ақпарат
21

18-23 қазан аралығында Астанада көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.   

Фестивальге Сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Фестиваль аясында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекованың шығармашылығына арналған дөңгелек үстел, Ш.Жандарбекова шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме, Ерғазы Төлеудің «Шолпан жұлдыз» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Фестивальге сахна саңлағының көзін көрген театр қайраткерлері, төл шәкірттері мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, фестиваль аясында Қазақстанның Халық артисі Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған іс-шаралар да жоспарланған.

Барлық жаңалықтар