00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Тұңғышбай Жаманқұлов «Тамаша» театрын ашқанына өкінетінін айтты (ВИДЕО)

31.03.2023 | 18:28
ҒаниАтымтай
50

Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов Abai телеарнасындағы «Бірегей» бағдарламасына берген сұхбатында «Тамаша» театрын ашқанына өкінетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бір қызық нәрсе айтайын. Мен қазір «Тамашаны» ашқаныма өкінемін. Ол кезде мен өнер әлеміне шыққым келіп, тал қармадым. Театрда кішкентай рөлдерден көрінуге тырысқанда, жарқ етіп, (Тамаша - ред) себеп болып шықты. Кейін ол «Тамаша» жеңіл өнерге айналып кетті. Тіпті ақша қуып, сөз қуып, мазақ болып кетті. Ол - басқа өнер. Оны «клоунада» деп атайды. Өнердің ойыншық емес екендігін қашан түсінеді деген қорқынышым бар. Көп қазақ сөйтеді ғой. «Ей, әртіспісің» дегенде жаман қапа боламын. «Итің әртіс қой» деген сөз бар. Сол кезде «Неге гидроинституттан кеттің, сорлы Тұңғышбай? Мұндай мазақ болғанша» деп өзімді кінәлайтыным рас. Ол кезде су шаруашылығымен айналысатын едім, қолмен ұстап-білуге болатын еді. Ал менің қазіргі еңбегімді қолмен ұстай алмайсың. Оны тек мимен, жүрекпен ұстай аласың. Көп адамның жүрегі ашық па? Залға келген 800 адам сені түсініп кетсе, мен соған қанағаттанамын, - деді ол.

Барлық жаңалықтар