00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада «Ән базары – Қараөткел» музыкалық кеші өтті

31.03.2023 | 17:38
Елорда ақпарат
14

Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында  «Ән базары – Қараөткел» кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Тарихи-музыкалық кеште «Сүржелгенше», «Ғазиздің әні», Майра Шамсутдинованың «Майра» туындылары шырқалды.

Концертте «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі және филармония солистері, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлмира Сарина, Айгүл Қосанова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ұлағат Шалғынбекұлы, Жандос Иманбай, Бауыржан Нұрмұханов, Берік Омаров, Қуатова Жанель, Жақсыгелді Маясаров, Данияр Мұқан, Арафат Ысқақов, Бейбіт Мұсаев, Тельман Нұркенов, Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия өнер көрсетті.

Елордалықтар пен қала қонақтары қазақтың әндері мен күйлерін тыңдап, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Өнерпаздар ән репертуарының музыкалық-стильдік ерекшеліктерін жеткізуге тырысты. 

Барлық жаңалықтар