00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:25
Елорда ақпарат
30

Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы жеке концертінде әртістің «Бір аспан тарихы» авторлық композициясының премьерасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Dimashnews.com жазғандай, көптеген музыкалық тақырып пен тәсілдерді пайдаланатын күрделі туынды – Димаш Құдайбергеннің үш жылдық композиторлық еңбегінің нәтижесі.

Фильм Димаштың өзі жазған әңгімесінің желісі бойынша, оның сценарийі бойынша түсірілді.

Бұл клип соғыс туралы емес, бейбітшілік туралы. Мұндағы соғыс – бір-бірімізге деген сүйіспеншілікті жоғалтқан кезде болатын нәрселердің контрастын білдіретін құрал. Балаларымыздың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын, жерін сақтау үшін ұлттық, әлеуметтік, діни ұстанымдар бойынша бір-бірімізді бөлуді тоқтатуға, бірлікке шақыру туралы, - дейді бейнебаян режиссері Алина Верипя.
Барлық жаңалықтар