00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Димаш Құдайбергеннің концертіне 70 елден жанкүйерлер келді (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:24
Елорда ақпарат
33

Бүгін Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертіне шетелдік тыңдармандар арнайы ұшып келді. Олардың көпшілігі Қазақстан туралы әсерлерін айтып, бөлісті, деп хабарлады Elorda.info Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

«Иенің есімім Науко. Жапониядан келдім. Бұл менің Қазақстанға екінші рет келуім. Бірінші рет 2019 жылы астана өткен концертке келгенмін. Осыған дейін Нұр-Сұлтанда, Ақтөбеде, Алматыда болдым. Алматыға Димаштың коцертіне арнайы келдім», – дейді жапониялық әйел.

«Димаш мен үшін әлемдегі ең ұлы әнші. Оны сүйіп тыңдаймын. Өте қатты жақсы көремін. Ән салғанын алғаш тыңдағанда ондай дауысты бұрын соңды ешқашан естімегінімді түсіндім. Оның дауысы мені бақытты етті… Ерекше тебірентті. Жалпы барлық эмоциямды сыртқа шығарды. Мен оны жақсы көремін. Теңдесіз әнші», – деді әншінің АҚШ-тан келген жанкүйері .

«Димашмен үшін өте талантты тұлға. Ғажап әртіс. 61 жасқа келсем де Димаш сияқты ән салатын жанды кездестірмедім», – деді Малайзиядан келген тыңдарман.

Димаш – ғажап вокалист. Жер бетіндегі ең үздік әнші, – дед австралиялық азамат.

Сондай-ақ Жапониядан келген бірқатар тыңдарман Қазақстанды Димаш арқылы танып, алғаш рет келіп тұрғандарын айтты.

Біз Қазақстанды Димаш арқылы таныдық. Ол біздің кумирімізге айналды. Концерт үшін алғаш рет Қазақстанға келіп тұрмыз. Димаштың арқасында Қазақстанды өзіміз ойлағандай керемет ел екенініе көз жеткіздік, – дейді олар.

Еске салсақ, Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті. Бұл – Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті.

Барлық жаңалықтар