00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Мұқағали» және «Ақын» фильмдері Гатчин кинофестивалінде жүлде алды

31.03.2023 | 17:19
Айман Нығмет
32

Гатчин қаласында өткен «Әдебиет және кино» халықаралық кинофестивалінде «Қазақфильмнің» екі фильмі жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Киностудия баспасөз қызметінің мәліметінше, қоюшы-суретші Ермек Өтегенов, Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильміндегі үздік жұмысы үшін Халықаралық қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.Үздік сценарий үшін жүлдені режиссер Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі алды.

Биыл Гатчиндегі кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына кәсіби авторлар мен дебютанттардың 35 фильмі енген. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Израиль, Қазақстан және Тәжікстан елдерінің ірі танымал студиялары мен тәуелсіз авторлары өз картиналарын ұсынды.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай жарыққа шығарған кинотуынды аты аңызға айналған ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Ал «Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді.

Барлық жаңалықтар