00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық драма театры XXXII жаңа маусымын ашады

31.03.2023 | 17:03
Елорда ақпарат
33

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 21 қыркүйек күні сағат 19.00-де XXXII жаңа маусымын дәстүр бойынша М.Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашады, деп хабарлады Elorda.info.

Қаллеки театрының әр жаңа маусымы «Абай» қойылымымен ашылады. Бұл дәстүрге биыл – 13 жыл. Оған бірден-бір себеп, өнер ұжымы есімін еншілеген театр өнерінің корифейі Қалибек Қуанышбаев сомдаған шоқтығы биік рөл дәл осы Абай рөлі болды. Замандастары Қаллеки атап кеткен әйгілі әртістің осы рөлін туынды авторы, жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі жоғары бағалаған. Сондықтан қойылымды сахналау Қаллекиліктерге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Әлімбек Оразбеков сахналаған «Абай» трагедиясында қос Абайдың бейнесі көрсетіледі. Аға Абай бейнесін – Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Абай рөлін  – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл сомдайды. Қойылымға жалпы 65 актер қатысады. Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Хормейстер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев.

Барлық жаңалықтар