00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі Анкарада концерт берді

25.02.2023 | 14:56
Елорда ақпарат
21

Мерекенің соңында ұлт-азаттық күрестегі ұлы Жеңістің 100 жылдығына арналған фестивальге Анкараға барған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің ұжымы өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.

Конституция күнін мерекелеуге Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, көрнекті түрік саясаткерлері, ғалымдар, компания өкілдері қатысты.

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов тәуелсіздік жылдары еліміздің Ата Заңы тұрақтылық пен өркендеудің кепіліне айналғанын атап өтті. Конституцияның қағидаттарына сүйенетін, Қазақстан бүгінде әлемдік аренада беделді әрі құрметті мемлекетке айналғанын алға тартты.

Мереке соңында Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің "Сарбаздар" фольклорлық-этнографиялық тобы майор Дархан Рахымғалиевтің жетекшілігімен қазақтың әйгілі "Сарыарқа", "Адай", "Шалқыма", "Жекпе-жек" және басқа да шығармаларын орындады.

Барлық жаңалықтар