00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Астана Опера» театрына бір жылда 60 мыңнан астам адам барды

25.02.2023 | 11:39
Айман Нығмет
40

Биыл Қазақстанның бас театрының тоғызыншы маусымы қызықты оқиғаларға толы болды. Өнер ордасы үш премьера өткізді.  Олар: «Ақшақар және жеті гном» балеті, «Алпамыс» батырлық операсы, сондай-ақ «Алты би» комедиялық балеті.

Театрда 207-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 60 мыңнан астам адам қатысты.

Қазақстан бойынша 10 гастрольдік сапар, сондай-ақ театр артистері Жапония, Италия, Австралия, Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикасындағы конкурстар мен фестивальдарға қатысты.

Балалар жылы аясында театрда қолөнер студиясының ашылуы, «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» тұңғыш фестивалі, «Театр сабағы» жобалары жүзеге асырылды.

Барлық жаңалықтар