00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада үлкен өнер жәрмеңкесі өтті

25.02.2023 | 10:45
Елорда ақпарат
31

Ұлттық өнерді дәріптеуге арналған жаңа форматтағы «Біздің жәрмеңке» жобасы көрерменнің көңілінен шығып, жоғары бағасын алды.

Іс-шараны «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының құрамындағы «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы ұйымдастырды.

Бұл күні Қазақконцерт ғимараты Қоянды, Көкжар, Қараөткел сынды тағылымы мол тарихи жәрмеңкелер жаңғырған думанды мереке алаңына айналды.

Жәрмеңкенің сәнін келтірген қолөнершілер, ұлттық киім дизайнерлері, зергерлер мен қыш шеберлері жиналған қауымды ерекше бұйымдарымен тәнті етті.

Бұдан бөлек, көрермендер тоғызқұмалақ, ләңгі, асық сынды ұлттық спорт түрлерінен өткізілген жарысты тамашалады.

Қазақконцерт басшысы Ақтоты Райымқұлова атап өткендей, бұл жоба ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.

Көрермен көңілін ұлттық аспаптардың үнімен әлдилеп, күйлермен жадыратқан ұлттық ансамбльдер мен топтар зор ықыласқа бөленді.

 

 

Барлық жаңалықтар